Ең жиі кездесетін сұрақтарға жауап
Аса қымбат машинка алудың қажеті жоқ, дүкендерде 15-17 функциясы JANOME машинкалары бар, жалпы JANOME машинкалары қол жетімді, өте төзімді болып келеді.
Біздің курсымызда маталармен танысу арнайы сабағы бар. Қандай киім түрлеріне қандай мата қажет, қайсы матамен қандай үйлеседі, соның барлығын курста үйренетін боласыз.
Менде машинка жоқ, қалай бастаймын?
Менде де сіз сияқты 22 жыл алдын курсқа тіркелген кезде машинка болмаған. Мен сонда да тіркеліп теория оқып, өлшем алуды үйреніп, сызбаларымды дайындап, пішіп, көктеп примерка жасап жүргенде, үйдегілер мен қызығушылығым күшті екеніне көздері жетіп алып берген. Ол кезде маған қолданылған машинка алып берген. Қазір рассрочкамен алуға болады.
Қаншама қыздар сіз сияқты машинкаға отырып көрмеген, курста машинкамен танысып, тігіп үйреніп қазір жақсы нәтиже көрсетіп,тіпті ТАБЫС тауып жүр.
Тігуді білемін, пішуді үйренсем ғой
Менің курстарымда, сіз өлшем алудың құпияларымен танысып, өз қолыңызбен сызып, пішіп үйреніп қана кетпей, соны өміріңізде қолданып, соның арқасында ТАБЫСҚА шығасыз.
Дәптер, ручка, сызғыш, қалам, плакат( А4, клеенка, обои қалдығы болсада болады) мата, жіп, қайшы, сосын ТІГІНГЕ МАХАББАТ
Жақсы нәтижеге жетү үшін не істеуге болады?
Ол үшін менің Алтыным, көп нәрсе керек емес, тек үй тапсырмаларын уақтысында орындап отырсаңыз, керемет нәтиже сізге өзі келеді.
Оверлогім жоқ, не істеймін?
Оверлогіңіз жоқ болса, ол мәселе емес, себебі оверлог қажет етпейтін тігіс түрлерін көрсетемін.